4 шілдеде China Eastern Airlines әуе компаниясының Шанхай – Алматы бағыты бойынша алғашқы тікелей рейсі орындалды. Бұл оқиға – екі ірі мегаполистің арасында туризм, мәдениет және іскерлік ынтымақтастықты дамытуда жаңа мүмкіндіктер ашатын маңызды қадам.
Аталған бағыт Алматы қаласы әкімдігі мен China Eastern Airlines компаниясы басшылығы арасында 2025 жылдың ақпан айында жасалған келіссөздердің нәтижесі. Бұл – компанияның Орталық Азияға алғаш рет ашып отырған бағыты, әрі Алматының өңірлік орталық ретіндегі мәртебесін айқындайтын маңызды көрсеткіш.
Алғашқы рейс бортымен келген делегация құрамында Қытайлық БАҚ өкілдері мен блогерлер болды. Бұл Алматының Қытай нарығындағы туристік әлеуетін кеңінен таныстыруға септігін тигізеді.