Алматы қаласының Туризм басқармасы Air China әуе компаниясының өкілімен жұмыс кездесуін өткізді

Алматы қаласының Туризм басқармасы Air China әуе компаниясының өкілімен жұмыс кездесуін өткізді

Алматы қаласының Туризм басқармасы Air China әуе компаниясының өкілімен жұмыс кездесуін өткізді. Кездесу барысында тараптар Алматы қаласын Қытай нарығында туристік бағыт ретінде ілгерілету жөніндегі бірлескен шараларды талқылады.

Аталған ынтымақтастық Бейжің – Алматы жаңа тікелей әуе рейсінің іске қосылуына орай жүзеге асырылуда. Бұл рейс Қазақстан мен Қытай арасындағы тағы бір маңызды көпір болмақ.

Жақын арада бірлескен жарнамалық кампанияларды өткізу, туристік көрмелерге қатысу және турпакеттерді дамыту жоспарлануда.