Соңғы үш жылда Алматыда туризм қарқынды дамып, 91,8% өсім көрсетті.
Шетелдік туристер саны 4,2 есе, ал ішкі туристер саны 56,3%-ға артты.
Саладан түскен салық түсімі үш есеге көбейді.
2022 жылдан бері қалада 5972 нөмірлік қоры бар 43 қонақүйдің құрылысы жүріп жатыр, 26 туристік жоба жүзеге асуда, оның ішінде 7 жоба 2025 жылы аяқталады.
Таулы аймақта 1000 шақырымнан астам маршрут цифрландырылды, 750 шақырымнан астам жол көркейтілді, 13 кемпинг аймағы құрылды.
Алматы әлемдік туристік бағыт ретінде танылып отыр: The New York Times басылымының «Баруға лайық 52 орын» тізіміне енді, Wanderlust журналының TOP-24 туристік бағыт қатарына кірді, ал Шымбұлақ курорты мен Oi-Qaragai ТМД-да үздік деп танылып, туризмдегі инновациялары үшін марапатқа ие болды.
Қала 2025 жылы 2,5 миллион турист тартуды көздеп отыр. Қонақтардың қанағаттану индексі 67,5%, бұл қызмет көрсету сапасының артқанын көрсетеді.