Спорттық гимнастикадан Қазақстан Республикасының чемпионаты және Қазақстан Кубогы: Алматының айқын жеңісі

Спорттық гимнастикадан Қазақстан Республикасының чемпионаты және Қазақстан Кубогы: Алматының айқын жеңісі

2025 жылғы 13–17 мамыр аралығында спорттық гимнастикадан Қазақстан Республикасының чемпионаты және Қазақстан Кубогы өтті. Жарысқа еліміздің ірі қалаларынан келген 8 команда қатысты: Астана, Алматы, Талдықорған, Қарағанды, Орал, Ақтау, Қостанай және Семей қалалары. Турнирде жалпы 108 гимнаст өнер көрсетті, оның ішінде: 66 әйел және 42 ер спортшы.

Медальдар саны бойынша Алматы қаласының командасы көш бастады – олар 18 алтын, 12 күміс және 13 қола медаль иеленді.

Турнирдің ең жарқын сәттерінің бірі – ұлттық құраманың көшбасшылары Нариман Құрбанов пен Милад Каримидің қатысуы болды. Олардың қатысуы жас спортшылар үшін үлкен мотивацияға айналып, жарыс деңгейін жоғары көтерді.

Милад Карими –өзінің шеберлігін дәлелдеп, еркін жаттығуда, кермеде және командалық есепте үш алтын медаль жеңіп алды.

Нариман Құрбанов – тұтқалы атта тамаша техникасымен көзге түсіп, алтын медаль иеленді.

Олардың қатысуы турнирді сәнге айналдырып қана қоймай, жас спортшылар үшін үлкен тәжірибе мектебі болды.

 

Әйелдер арасындағы жарыс нәтижелері:

Көпсайыс:

  • Кригер Аделина – алтын
  • Раздыкова Илана – алтын
  • Тарасова Радмилла – қола

Еркін жаттығу:

  • Лебедева Арина – алтын
  • Кригер Аделина – алтын
  • Ежова Эвелина – қола
  • Раздыкова Илана – қола

Тіреніп секіру:

  • Карпенко Ева – алтын
  • Светоносова Вероника – күміс
  • Иванова Анфиса – қола

Бөрене:

  • Раздыкова Илана – алтын
  • Лебедева Арина – күміс
  • Кожахмет Аиша – күміс
  • Карпенко Ева – қола

Қосырық:

  • Ежова Эвелина – күміс
  • Кригер Аделина – күміс
  • Карпенко Ева – қола
  • Раздыкова Илана – қола

Ерлер арасындағы жарыс нәтижелері:

Көпсайыс:

  • Азизов Ильяс – алтын
  • Терман Андрей – күміс
  • Өмірсерік Досжан – қола

Тұтқалы ат:

  • Құрбанов Нариман - алтын
  • Өмірсерік Досжан – алтын

Еркін жаттығу:

  • Карими Милад – алтын
  • Терман Андрей – алтын
  • Шишхаев Мохмад – алтын
  • Жүнісов Әліби – күміс
  • Азизов Ильяс – қола

Тіреніп секіру:

  • Терман Андрей – алтын
  • Шаймерден Асанали – алтын
  • Жүнісов Әліби – күміс
  • Өмірсерік Досжан – қола

Керме:

  • Карими Милад – алтын
  • Шаймерден Асанали – алтын
  • Терман Андрей – алтын

Қосырық:

  • Терман Андрей – алтын
  • Өмірсерік Досжан – күміс
  • Азизов Ильяс – қола

Шығыршық:

  • Өмірсерік Досжан – күміс
  • Азизов Ильяс – қола

Чемпионат аясында алғаш рет аралас командалық жарыс енгізілді, онда бір командаға қыздар мен ұлдар бірігіп қатысты. Бұл жаңалық жарысқа тың серпін беріп, қатысушылардың командалық рухын көрсетті.

Аралас командалар нәтижесі:

  • Азизов Ильяс / Тарасова Радмилла – күміс
  • Раздыкова Илана / Зайцев Илья – күміс
  • Пухова Ульяна / Дүйсенбек Мардан – қола

 

Ұйымдастырушылар мен қатысушылар дайындық деңгейінің жоғарылығын, спорттық рухты және Қазақстанда гимнастиканы дамытуға деген ұмтылысты ерекше атап өтті