Алматыда жыл сайынғы Президенттік тестілеу бойынша жарыс өтті
Бүгін, Орталық стадионның қосалқы алаңында Алматы қаласының тұрғындары арасында Президенттік тестілер бойынша чемпионат өтті.
Жарысқа 1000-нан астам қала тұрғыны қатысып, өздерінің физикалық дайындықтарын тексерді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер ерлер мен әйелдер арасында жас ерекшеліктеріне қарай бөлек анықталды. Барлық жоғары нәтиже көрсеткен қатысушылар медальдар мен дипломдармен марапатталды.
Қатысушылар 30, 60 және 100 метрге жүгіру, орнында тұрып ұзындыққа секіру, биік кермеде тартылу, кеудені көтеру және төзімділікке жүгіру сынды түрлі сынақтардан өтті.
Жарыс спортты сүйетіндер үшін тамаша мүмкіндіктер сыйлады, ал жеңімпаздар өздерінің рухы мен табандылығын тағы бір мәрте дәлелдеді!