Алматыда қала әкімі Ерболат Досаевтың бастамасымен жүзеге асырылған жастарға арналған ауқымды спорттық жоба – Студенттік лига маусымы басталды.
Көктемгі маусым аясында 35 алматылық ЖОО-дан 1500-ден астам студент футбол, волейбол және баскетбол сияқты танымал үш спорт түрінен жарысқа түсуде. Ойындар қаланың жетекші спорт алаңдарында өтуде, төрелік ету ісімен жергілікті федерациялардан білікті мамандар айналысуда.
Көктемгі кезең 2025 жылдың 1 маусымына дейін жалғасады. Іріктеу қорытындысы бойынша командалар А және В дивизиондарына бөлінеді. Қыркүйек айында тұрақты маусым басталады.
Студенттік лига – жай ғана турнир емес, бұл – мықты жастар спорт ортасын қалыптастыру жолындағы маңызды кезең. Жоба студенттердің спортқа жаппай тартылуына, физикалық белсенділікті насихаттауға және салауатты өмір салтын ұстану мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді. Бұл жастарды біріктіріп, көшбасшылық пен командалық қабілеттерін дамытып, өзін-өзі жүзеге асыру мен спорттық өсуге жаңа мүмкіндіктер ашады.
Барлық жанкүйерлерді өз командаларын қолдауға шақырамыз!
Ойындардың күнтізбесі мен өтетін орындарының мекенжайлары Студенттік лиганың ресми сайтында жарияланған. Тікелей трансляцияларды Лиганың ресми YouTube-арнасынан youtube.com/@asl-2025, Almaty TV News youtube.com/@AlmatyTVNews арнасынан және Лиганың әлеуметтік желілерінен @almaty.asl көре аласыздар.