Джиу-джитсудан Қазақстан Республикасының чемпионаты өз мәресіне жетті.

Джиу-джитсудан Қазақстан Республикасының чемпионаты өз мәресіне жетті.

Бүгін Алматыдағы Балуан-Шолақ спорт сарайында Қазақстанның кіл мықтылары жиналған Джиу-джитсудан Қазақстан Республикасының чемпионаты өз мәресіне жетті. Қазақстанның 20 өңірінен 1600-ден астам спортшы қатысқан жарыста «№4 МБЖСМ» атынан 45 балуан қатысып, 4 алтын, 10 күміс және 6 қола медаль иеленді. Жарыс жеңімпаздары алдағы Әлем Чемпионаты мен Бахрейнде өтетін жасөспірімдер Азия ойындарына жолдама алады.

 

Жеңіс тұғырына көтерілген спортшыларымыз:

Айлин Мурзагали 14-15 ж. 40кг - 1 орын Аблюқат Шыңғыс 14-15 ж. 44кг - 1 орын Горбунова Натали 14-15 ж. 63+кг - 1 орын Айтқали Абылай 14-15 ж. 52кг - 1 орын Ғазиза Абуханова 12-13 ж.  40кг – 2 орын   

АрРахима Болшабек 12-13 ж. 48кг – 2 орын   

Маргулан Рамазанов 12-13 ж.  56кг – 2 орын

Ермошкин Владимир 18-20 ж. 56кг – 2 орын

Айбат Олжатай 14-15 ж. 48кг – 2 орын

Адина Болат 16-17 ж. 48кг – 2 орын

Абуханов Санжар 14-15 ж. 56кг – 2 орын

Баймұхан Әмір 14-15 ж. 62кг – 2 орын Уалихан Алдияр 16-17 ж. 56кг – 2 орын

Дифу Максим 12-13 ж. 44кг – 2 орын

Амангельды Абылай 18-20 ж. 56к - 3 орын      

Мухтар Али 16-17 ж. 62кг - 3 орын

Ерланқызы Айша 16-17 ж. 57кг - 3 орын

Корабаев Ерсултан 14-15 ж. 62кг - 3 орын

Нуркен Аделина 18-20 ж. 70+кг - 3 орын

Жарылқасын Камшат 14-15 ж. 63кг - 3 орын

 

Қазақстанның Джиу-джитсу федерациясының Президенті Идрисов Русланның айтуы бойынша бүгінгі таңда Қазақстанда шамамен 10 000 балалар мен жасөспірім джиу-джитсумен айналысады, оның 3000-ы Алматыда жаттығады. Бүгінгі күні Джиу-джитсудан Қазақстан құрамасы Азия құрлығында көш бастап тұр және Әлем бойынша үздіктердің қатарында. Бұл көрсеткіштер джиу-джитсудың жас ұрпақтың өмірінің маңызды бөлігіне айналып келе жатқанын, балалар мен жастарды спортқа, тәртіпке және дені сау өмір салтына тартатынын көрсетеді.