Алматыда жыл сайынғы Alatau Run-2024 жарысы өтті

Алматыда жыл сайынғы Alatau Run-2024 жарысы өтті

Іле Алатауының бөктерінде жыл сайынғы Alatau Run-2024 тау жарысы өтті.

Жаппай жүгіру мен велошеруге 1500-ден астам спорт әуесқойлары мен салауатты өмір салтын қолдаушылар қатысты.

Жарыс «Медеу» спорт кешенінде басталып, «Горельник» визит орталығы мен «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортының аумағында аяқталды.

Alatau Run тау бәйгесінде алғаш рет комментаторлардың қатысуымен тікелей трансляция ұйымдастырылып, соның арқасында қатысушылар мен жанкүйерлер жарыс барысын онлайн тамашалауға мүмкіндік алды. Әр қатысушы естелік медальға ие болды. Ал жарыс жеңімпаздары шара серіктестерінің арнайы кубоктары және сыйлықтарымен марапатталды. Марапаттау рәсімінен кейін іс-шараға қатысушылар мен қонақтар арасында спорттық құрал-жабдықтар мен сертификаттардың ұтыс ойыны өтті.

Еске сала кетейік, Alatau Run-2024 тау жарысы Алматы қаласы әкімдігінің бастамасымен жыл сайын өткізіледі. Іс-шараға қатысу тегін.