Алматылық спортшылар еркін және әйелдер күресінен үздік атанды

Алматылық спортшылар еркін және әйелдер күресінен үздік атанды
Алматылық спортшылар тағы да үздік екендерін дәлелдеді 
Испанияның Ла-Нусия қаласында 18-22 сәуір аралығында еркін күрестен жастар арасындағы халықаралық турнирде Егор Анчугин алтын медаль жеңіп алды. 74 келі салмақ дәрежесінде боз кілемге шыққан ол аталған жарыстың бірінші күні U23 арасында мықты екенін дәлелдеді. 
 
Сондай-ақ, Испанияда әйелдер күресінен U23 жастар арасында халықаралық турнир өз мәресіне жетті. Онда 53 келі салмақта белдескен Мадина Жеңісқызы II орын иеленсе, 76 келі салмақта күрескен Алина Ертөстік I орынды иеленді. 
 
Айта кетейік, биыл сайыста Қазақстан, Грекия, Польша, Норвегия, Ұлыбритания, Португалия және Францияның үздіктері кездесті.