Азия чемпионаты 2024: Ғалия Тынбаева Қазақстанға бірінші медалін әкелді

Азия чемпионаты 2024: Ғалия Тынбаева Қазақстанға бірінші медалін әкелді
Қазақстандық татами шебері Ғалия Тынбаева Қытайдың Гонконг қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында қола медальға қол жеткізді. Бұл оның Азия чемпионатында жеңіп алған алғашқы жеңісі. 
 
48 келі салмақта қола медальді қос қазақстандық спортшы сарапқа салды. Балуандар Ғалия Тынбаева мен Әбиба Әбужақынова боз кілемде белдесіп, сәл басымдылықпен жеңіске Ғалия жетті. 
 
Айта кетейік, аталған Сарықұрлық додасында 34 елдің 262 таңдаулы татами шеберлері өзара кім мықтыны анықтап жатыр.