Нариман Курбанов Олимпиада-2024 лицензиясын жеңіп алды

Нариман Курбанов Олимпиада-2024 лицензиясын жеңіп алды
Қазақстан құрамасының қоржыны тағы бір Олимпиадаға апаратын лизенциямен толықты. 
 
Бүгін гимнастикалық ат снарядында сынға түскен Нариман Құрбанов үздіктер қатарынан көрінді. Ол әлем кубогының кезеңдерін екінші орынмен аяқтады. 
 
Оның лицензияға күрестегі басты қарсыласы тайпейлік Ли Чи Кай болды. 
 
Алматылық спорттық гимнастика шебері Нариман жалпы есепте 70 ұпай жинаса, ал бірінші орынға 85 ұпай жинаған иорданиялық гимнаст қол жеткізді.