Зейнолла Идрисов әлем Кубогы кезеңінің қола жүлдегері атанды

Зейнолла Идрисов  әлем Кубогы кезеңінің қола жүлдегері атанды

Қазақстандық спортшы Зейнолла Идрисов Каирде өткен спорттық гимнастикадан әлем кубогында қола жүлдені жеңіп алды.

Сапты атпен жаттығудың финалында ол 14.800 ұпай жинап, турнирдің қола жүлдегері атанды.

Айта кетейік, спортшы 2024 жылдан бастап ересектер арасында сынға түсіп келеді. Осыған дейін Зейнолла Идрисов  көркем гимнастикадан жастар арасындағы әлем чемпионатында қола жүлдегер атанған болатын.