Алматы қаласының әкімі Е. Досаевтың тапсырмасы бойынша 2023 жылдың қаңтар айында спорт басқармасы бұқаралық спортты дамыту және жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында командалық спорт түрлері: шағын футбол, баскетбол және волейбол, сондай-ақ ұлттық спорт түрлері: асық ату, бес асық, арқан тарту, бұқа тарту және қазақ күресі бойынша мектеп лигаларын құрды.
2023 жылғы 10 наурызда сағат 10:00-ден бастап қаланың жалпы білім беретін мектептерінде ұлттық спорт түрлері бойынша аудандық ойындар өтті.
Ағымдағы жылдың 1 наурызында оқушылар арасында ұлттық спорт түрлері бойынша Наурыз мерекесіне орайластырылған Фестиваль басталды. Фестиваль бағдарламасына спорттың 6 түрі (тоғыз құмалақ, асық ату, бес асық, арқан тарту, бұқа тарту, қазақша күрес) бойынша жарыстар кіреді. Спорттық іс-шараға 214 мектептен 7 600-ден астам оқушы тартылды. Қазіргі уақытта аудандық деңгейдегі ойындар өтуде. Финалдық кезең 2023 жылдың 21 наурызында "Астана" алаңында өтеді.
Мектеп және студенттер лигалары туралы анықтама:
Мектеп лигасы ойындарына қаланың 214 жалпы білім беретін мектебінен 30 388 оқушы қатысады. Қазіргі уақытта аудан мектептері арасында іріктеу ойындары өтуде. Жеңімпаз командалар мамыр айында Б. Шолақ спорт сарайында өтетін қалалық финалға өтеді.
Сонымен қатар, жастар саясаты басқармасы спорт басқармасымен және жоғары оқу орындарының өкілдерімен бірлесіп үш командалық спорт түрінен (футбол, волейбол және баскетбол) "ALMA CUP" студенттік лигасын құрды. Бүгінгі таңда "ALMA CUP" жобасына қатысуға келісімді 20 ЖОО, 43 команда, 1000-ға жуық қатысушы растады. Бұл жоба келуші студент жастарды әлеуметтендіру және бейімдеу мәселесінде қала ЖОО әлеуетін біріктіруге мүмкіндік береді. Студенттік лигалар бойынша жарыстар 2023 жылғы 5 қыркүйек пен 25 желтоқсан аралығы