Алматыда жасөспірімдер арасында қысқы ойындар маусымы ашылды.

Алматыда жасөспірімдер арасында қысқы ойындар маусымы ашылды.

Қалада биылғы жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған шаңғы жарысынан қалалық ашық біріншілік өтті.

Iс-шараға Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова онлайн трансляция арқылы спортшыларға сәттілік тіледі. Іс-шараның салтанатты ашылу рәсімінен кейін министр Ақтоты Рахметоллақызы жарыс қатысушыларына «старт» берді.

«Сұңқар» трамплин кешенінде ашық біріншілікке қаламыздың бірнеше мектебінен 250-ге жуық жас спортшы қатысты.

Айта кетейік, жарыс жеңімпаздары облыстық және республикалық додаларға жолдама алады. Одан бөлек, ұйымдастырушылар алдағы уақытта да осындай біріншіліктер өткізуді жоспарлап отыр.