Алматыда керлингтен Тынықмұхит-Азия чемпионатының финалдық кездесулері аяқталды

Алматыда керлингтен Тынықмұхит-Азия чемпионатының финалдық кездесулері аяқталды

Қазақстан әйелдер құрамасы Гонконгты 9:6 есебімен ұтып, жартылай финалға өтті. Қазір біздің командада кемінде қола медаль бар.

Айта кетейік, бұл отандық спортшылардың халықаралық керлинг жарыстарында жеңіп алған алғашқы жүлдесі.

Әйелдер турнирінде алтын және күміс медальді жеңіп алған командалар 2022 жылы Канаданың Принс Джордж қаласында өтетін керлингтен әлем чемпионатына жолдама алады. 3 және 4 орын алған командалар 2022 жылғы іріктеу кезеңіне жолдама алады.