Алматы қаласының әкімдігі жастар үшін тегін жаттығулар ұйымдастырады

Алматы қаласының әкімдігі  жастар үшін тегін жаттығулар ұйымдастырады

Ашық аспан астындағы жаттығулар легі Алматы қаласында бастау алды. Жаттығулар жаз бойы жалғасады. Ондағы мақсат - жастарды тұрақты түрде спортпен айналысуға баулу, өскелең ұрпақты салауатты өмір салтын ұстануға тарту.

Жаттығулар аясында кәсіби бапкерлер футбол, йога, есу спорт түрлері бойынша жастармен жұмыс жүргізеді. Бұдан басқа, Жекпе-жек орталықтарында 8 спорт түрі: каратэ шинкиокушинкай, самбо, қазақ күресі, муайтай және тағы басқалар бойынша жаттығулар жүргізіледі.

Жаттығулар шағын аудандардың спорттық алаңдары, саябақтар мен Жекпе-жек орталықтарында өтеді. Шараға белсенді өмір салтын ұстануды  қалайтын барлық жастар шақырылады. Спортпен бұрын айналысқан, айналыспағаныңыз маңызды емес.

Жаттығулардың өтетін орны:

Йога

 

  • Сенбі: Тұңғыш Президент саябағында, сағат 08:00 - 09:00 аралығында          (жаттықтырушы Әлімбекова Жансұлу, телефон: 87071337171)

    Футбол

    Алатау ауданы

  • Дүйсенбі, сәрсенбі күндері Рысқұлов–Саин көшесі қиылысында, сағат 09:00 - 11:00 аралығында  (жаттықтырушы Нохрин Евгений Нохрин Юрий)

  • Сейсенбі, бейсенбі күндері  Ұлжан шағын ауданы, сағат 10:00 - 12:00 аралығында  (жаттықтырушы Бисенбаев Алан, Конов Евгений)

  • Сәрсенбі, жұма күндері Зерделі шағын ауданы, сағат 08:30 - 10:00 аралығында (жаттықтырушы Айдаров Ейдар, Сейдахметова Айжамал)

  • Сейсенбі, бейсенбі күндері Райымбек даңғылы, сағат 08:30 - 10:00  аралығында (жаттықтырушы Естай Жандос)

  • Сейсенбі, бейсенбі күндері Алмалы тұрғын үй кешені, сағат 08:30 - 10:00  аралығында (жаттықтырушы Әділханов Алмас)


    Медеу ауданы

  • Дүйсенбі, сәрсенбі, жұма күндері Орталық демалыс саябағы, Гоголь көшесі , 1,              сағат    10:30 - 12:00  аралығында (жаттықтырушы Нұрқасым Еркебұлан)

    Жетісу ауданы

  • Айнабұлақ шағын ауданы Жаттығу уақытын Айдаров Ельдар
    87077771659 және Ернар Қалынбекұлынан білу қажет 87072627344


  • Максима СО, Уақытын Әділхпнов Алмастан білу қажет 87475361191

    Түрксіб ауданы

  • Глазунов к, 49, Уақытын жаттықтырушы Ольга Михайловнадан білу қажет,
    Телефон: 87079409792


    Наурызбай ауданы

  • Сәрсенбі, жұма күндері Жақыпбаева, 1, сағат 09:00 - 11:30 және 15:30 - 18:00

  • Жұма күндері Шұғыла шаңын ауданы,  345/3, сағат 09:00 - 11:30 және 15:30 - 18:00

    Алмалы ауданы

    Байдарка мен каноэ есу

  • Дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері, сағат 08:30 - 12:00 аралығында

    Алматының 8 ауданында Жекпе-жек орталықтары бар, күн тәртібі бойынша тегін негізде 8 жауынгерлік өнер спорт түрі бойынша жаттығу жүргізіледі.