Семсерлесуден Қазақстан Республикасының V Жастар Спорттық ойындары аяқталды

Семсерлесуден Қазақстан Республикасының V Жастар Спорттық ойындары аяқталды

Семсерлесуден Қазақстан Республикасының V Жастар Спорттық ойындары аяқталды. Алматы қаласының спортшылары командалық есепте бірінші орынды иеленді.

Алматы құрамасында 8 алтын, 6 күміс және 3 қола медаль бар. Екінші орында ШҚО командасы тұр, ал үшінші орын Шымкент командасына бұйырды. Естеріңізге сала кетейік, жарыс Петропавлда 2021 жылдың 8-13 маусымы аралығында өтті.

Біз спортшыларға және бапкерлер құрамына жарқын жеңістеріне шын жүректен алғыс айтамыз.

Болашақта жарқын және жаңа жеңістер тілейміз.