Токиодағы Олимпиада ойындарына квалификациялық іріктеу

Токиодағы Олимпиада ойындарына квалификациялық іріктеу

              Ағымдағы жылдың 9-18 сәуірінде Алматы қаласында күрес түрлерінен Токиодағы Олимпиада ойындарына квалификациялық іріктеу жарысы - Азия лицензиялық турнирі басталады. Олимпиада ойындарына іріктеу турниріне 22 елден 200-ден астам спортшы қатысады.

               Азия лицензиялық іріктеу кезеңінен өте алмаған балуандар Олимпиада лицензиясын алу үшін Болгарияның София қаласында (6-9 мамыр) өтетін Бүкіләлемдік Лицензиялау турнирінің іріктеу жарыстарына қатысуы тиіс.

           Өздеріңіз білетіндей, коронавирус пандемиясының кесірінен жарыс көрерменсіз өтеді. Алайда, "Qazsport" телеарнасы тікелей көрсетілім ұйымдастырады деп күтілуде. 

                 Отандық спортшыларды қолдап отырайық!