2021 жылғы Әлем чемпионаты мен фристайлдан Әлем кубогы ақтық кезеңдерінің қорытындысы

2021 жылғы Әлем чемпионаты мен фристайлдан Әлем кубогы ақтық кезеңдерінің қорытындысы

Алматыда «Шымбұлақ» тау курортында 8-14 наурызда фристайлдан ең ірі халықаралық жарыстар өтті. Могул мен шаңғы акробатикасынан ғаламшардың ең үздік спортшылары әлем чемпионаты мен Әлем кубогының ақтық кезеңдері медальдары үшін күресті. Барлығы Аламытда 19 елден 140 фристайлистер келді. Халықаралық сарапшыларды, төрешілер мен техникалық персоналды қосқанда делегаттардың жалпы саны 280 адамды құрады. «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортындағы жарысы бүкіл әлем бойынша 40-тан астам ірі телеарналарда көрсетілді.