Тарихи сәт! Михаил Шайдоров Олимпиада ЧЕМПИОНЫ!

Тарихи сәт! Михаил Шайдоров Олимпиада ЧЕМПИОНЫ!

Алматылық спортшы, қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарында ел қоржынына алғашқы медальді салды!

Қысқа бағдарламада 92.94 балл жинап, 5-орыннан көрінген Михаил еркін бағдарламада нағыз шеберлік пен қайсар мінез көрсетті. Күрделі элементтерді жоғары деңгейде орындап, 198,64 ұпай еншіледі. Қорытынды есепте 291,58 ұпаймен Олимпиада тұғырына көтерілді.

Бұл - тек бір спортшының жеңісі емес. Бұл - бүкіл елдің қуанышы, мыңдаған жанкүйердің сенімі мен қолдауының нәтижесі. Алматының мұз айдынынан басталған арман Олимпиада төрінде шындыққа айналды.

Бүгін Әнұранымыз асқақтап шырқалып, көк Туымыз биікке көтерілді! 🇰🇿

Қазақ елі, құттықтаймыз!
Біз сенімен мақтанамыз, Михаил!