Алматы қаласының Спорт басқармасы ведомстволық бағынысты кәсіпорынның бірінші басшысы лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

Алматы қаласының Спорт басқармасы ведомстволық бағынысты кәсіпорынның бірінші басшысы лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

Алматы қаласының Спорт басқармасы «Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған «Алматы» спорт клубы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының бірінші басшысы лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.
 БСН: 070940016229, заңды мекенжай : Алматы қ., Медеу а-ы, Макатаев к-сі,13 ү.

Алматы қаласы Спорт басқармасының «Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған «Алматы» спорт клубы» МКҚК мүмкіндігі шектеулі адамдарға бейімделген 18 спорт түрі бойынша оқу-жаттығу сабақтарын жүзеге асырады: жүзу, жеңіл атлетика, тоғызқұмалақ, дойбы, шахмат, мини-футбол, футбол, пауэрлифтинг, үстел теннисі, еркін күрес, грек-рим күресі, садақ ату (компаунд), отырып ойнайтын волейбол, арбамен ойнайтын теннис, бадминтон, голбол, таэквондо және дзюдо. «Алматы» спорт клубында мүмкіндігі шектеулі адамдардың негізгі 4 санатын қамтитын 4 бөлімше жұмыс істейді: 1) тірек-қимыл аппараты зақымданған спортшылар; 2) көру қабілеті бұзылған спортшылар; 3) есту қабілеті бұзылған спортшылар; 4) зияткерлік дамуында ерекшеліктері бар спортшылар («Спешиал Олимпикс»).

Үміткерге қойылатын талаптар:Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім кадрларды даярлаудың келесі бағыттарының бірінде: педагогикалық ғылымдар мамандығы бойынша «Дене шынықтыру және спорт», «Бизнес, басқару және құқық». Басшылық лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс өтілі болуы.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы талаптар: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексін, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» заңдарын және осы кәсіпорын қызметі саласындағы қатынастарды реттейтін өзге де Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

Конкурс Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 70 «Мемлекеттік кәсіпорын басшысын тағайындау және аттестаттаудан өткізу қағидаларын, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының негізінде өткізіледі.

Конкурсқа қатысуға өтінімдерді E-QAZYNA.KZ веб-порталының TALAPKER ресурсы арқылы келесі сілтеме бойынша жолдау қажет E-QAZYNA.KZ: https://qyzmet-executer.e-qazyna.kz/ru/search/competition/list/317487763130000000/view

Анықтама үшін телефондар: 8 (727) 338-26-04.

Құжаттарды қабылдау мерзімі 02.02.2026 — 09.02.2026 ж.