Алматы спортшылары – халықаралық аренада.

Алматы спортшылары – халықаралық аренада.

Алматы спортшылары – халықаралық аренада!
Түркия елінің Стамбул қаласында шайбалы хоккейден 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында өткен II-А дивизион Әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасы шешуші матчта Оңтүстік Корея құрамасына есе жіберіп, 🥈 күміс жүлдегер атанды.

Бұл жетістікке ұлттық құрама сапында өнер көрсеткен Алматы қаласының спортшылары да қомақты үлес қосты. Жас хоккейшілеріміз ел намысын абыроймен қорғап, жоғары деңгейдегі ойын өрнегін көрсетті.

Бүгін спортшыларымызды халықаралық әуежайдан зор қуанышпен, ыстық ықыласпен қарсы алдық.
Спортшылар мен жаттықтырушылар құрамын айтулы жетістікпен шын жүректен құттықтаймыз!