
Михаил Шайдоров -Төрт құрлық чемпионатында ТОП-5 қатарында.
Қытайдың Бейжің қаласында өткен мәнерлеп сырғанаудан Төрт құрлық чемпионатында алматылық спортшы Михаил Шайдоров ерлер арасындағы жарысты 5-орынмен аяқтады.
Еркін бағдарламада Михаил 175,65 ұпай жинады, ал екі бағдарламаның қорытындысы бойынша жалпы 266,20 ұпай болды.
Айта кету керек, Михаил Шайдоров - 2025 жылы Кореяда өткен Төрт құрлық чемпионатының жеңімпазы. Сонымен қатар, Михаил Милан-2026 Олимпиада ойындарына жолдама иегері болып табылады.