
Алматылық спортшы Александра Скороходова Италияның Поцце-ди-Фассе қаласында өткен тау шаңғы спорты бойынша халықаралық FIS турнирінің жеңімпазы атанды.
🥇 Спортшы әйелдер арасындағы слалом жарысында алтын медаль иеленіп, жоғары деңгейдегі дайындық пен шеберлігін көрсетті.
Александра, сонымен қатар тау шаңғы спортынан Милан–2026 Олимпиадасының бірден үш дисциплина бойынша лицензияға иегері:
⛷️ слалом
⛷️ гиганттық слалом
⛷️ супер-гигант
Халықаралық аренада алдағы уақытта да толағай табыс пен жаңа жеңістер тілейміз!