
Алматылық спортшы Элеонора Ибрагимова әлемдік рекорд орнатып, «трап» бағдарламасы бойынша командалық есепте алтын медаль жеңіп алды.
Доха (Қатар) қаласында стенд ату бойынша Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте бірінші орын иеленді.
Алматылық спортшы Элеонора финалда «трап» бағдарламасы бойынша 23 дәл соққы жинап, азиялық және әлемдік рекордты жаңартты. Сондай-ақ ол жекелей сында күміс медаль жеңіп алды.
Сонымен қатар, Алматылық Егор Царев команданың жалпы нәтижесіне маңызды үлес қосты-ол жасөспірімдер арасындағы команданың құрамында алтын медаль жеңіп алды.
Жалпы, Алматы спортшылары чемпионатта 2 алтын және 1 күміс медаль иеленді.
Чемпиондарды және бапкерлер құрамын тамаша нәтижелерімен құттықтаймыз!