WTT Youth Contender Almaty 2025 — әлемдік деңгейдегі ауқымды спорттық шара Алматыда өтті

WTT Youth Contender Almaty 2025 — әлемдік деңгейдегі ауқымды спорттық шара Алматыда өтті

Алматы тағы да өзінің аймақтағы спорттық астанасы мәртебесін дәлелдеп, жасөспірімдер арасындағы үстел теннисінен ең ірі халықаралық турнирлердің бірін — WTT Youth Contender жарысын қабылдады. Бірнеше күн бойы қаламызда нағыз спорттық тартыстар өтті — теннис үстелдері басында ондаған елден келген мықты жас спортшылар бақ сынасты!

Ең маңыздысы — Қазақстан құрамасы 7 медаль жеңіп алды!
Бұл — жай ғана жетістік емес, бұл — Алматыда және еліміз бойынша балалар мен жасөспірімдер спортын жүйелі түрде қолдаудың нәтижесі.

Біздің қаһармандар:
🥈 Алан Курмангалиев (U-19)
🥈 Злата Стадник (U-11)
🥉 Нұрдәулет Азаматұлы (U-13)
🥉 Жания Бекмұхамбетова (U-13)
🥉 Арайлым Сапабек (U-13)
🥉 Қарақат Мейірхан (U-11)
🥉 Әделя Әлжанова (U-11)

 Әрқайсыңызға мақтанышпен қараймыз! Сіздердің медальдарыңыз — спорттағы алғашқы қадамдарын жасап жатқан мыңдаған алматылық жасөспірімдерге үлкен шабыт.

Ұйымдастырушыларға, жаттықтырушыларға, төрешілер мен еріктілерге ерекше алғысымызды білдіреміз — сіздер бұл шараны шын мәнінде жарқын әрі есте қаларлық еттіңіздер!

Алматы — ауқымды спорттық шаралар қаласы. Алматы — жеңістер қаласы!