Ясмина Тоқсанбаева Азия чемпионатында Қазақстанға алғашқы жүлде әкелді
Оңтүстік Кореяның Гуми қаласында жеңіл атлетикадан өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы алғашқы жүлдесіне қол жеткізді. Ел намысын қорғауға аттанған 27 спортшы аттанған болатын.
20 шақырымдық спорттық жүріс сайысында бақ сынаған Ясмина мәреге үшінші болып келіп, қола жүлдені иеленді. Бұл – Қазақстан құрамасы үшін аталған жарыстағы алғашқы медаль. Спортшы өзінің жеке рекордын да жаңартып, үлкен жетістікке қол жеткізді.
Спортшының табандылығы мен еңбегінің арқасында Қазақстан қоржыны алғашқы жүлдемен толықты.
Азия чемпионаты әлі де жалғасуда. Қазақстандық жанкүйерлер ұлттық құрамадан жаңа жеңістер мен жарқын сәттер күтуде.