Қазақстандық каратэшілер WKF Азия чемпионатында жүлдемен оралды
2025 жылдың 20-25 мамыр аралығында Өзбекстанның Ташкент қаласында өткен WKF бойынша Азия чемпионатында Алматылық спортшылар сәтті өнер көрсетті.
Жүлдегерлер тізімі:
- Даренская Дайяна (2005 ж.т., ҚР ҚМ) – 68 кг салмақ дәрежесінде алтын медаль (кумитэ);
- Тизимбай Нұрия (2004 ж.т., ҚР ҚМ) – күміс медаль (кумитэ, командалық);
- Ұлбек Диас (2003 ж.т., ҚР ҚМ) – 84 кг салмақ дәрежесінде қола медаль (кумитэ);
- Әмірәлі Дидар (1996 ж.т., ҚР МСМК) – қола медаль (кумитэ, командалық);
- Сегалова Владлена (2004 ж.т., ҚР ҚМ) – (кумитэ командалық)
Бұл нәтижелер Қазақстанның каратэ спортының даму қарқынын және халықаралық ареналардағы бәсекеге қабілеттілігін көрсетеді. Спортшыларымызды жеңістерімен құттықтаймыз және алдағы жарыстарда сәттілік тілейміз!