Ағымдағы жылғы 5 желтоқсанда Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті өкілінің, Алматы қаласы әкімдігінің әдеп жөніндегі уәкілетті өкілі М.Қ. Ахетовтің қатысуымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметін дамытудың 2024 - 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын, құмар ойындарға қарсы күрес туралы заңын, мемлекеттік қызметшілердің этикасы және еңбек тәртібін сақтау және т.б. мәселелерді түсіндіру бойынша жұмыс кездесу өтті.
Кездесуге: Алматы қаласы Сейсмикалық қауіпсіздік және жұмылдыру дайындығы, Кәсіпкерлік және инвестициялар, Дін істері, Алматы қаласы , Алматы қаласы Туризм басқармаларының қызметкерлері қатысты.