Алматы қаласы бойынша Тексеру комиссиясының отырысында мүлікті жалға беру, сенімгерлік басқаруға беру, сыйға тарту шарттары бойынша мүлікті қабылдау, сондай-ақ жергілікті бюджетке мүлікті жалға беруден төлемдер түсуін қамтамасыз ету кезінде мемлекет активтерін басқару тиімділігінің мемлекеттік аудитінің қорытындылары шығарылды.
Мемлекеттің қамтылған бюджеттік активтерінің көлемі 2022 жылдың 1 қаңтары мен 2024 жылдың 30 маусымы аралығында 71,4 млрд. теңгені құрады.
Аудиторлық іс-шараның нәтижелері бойынша жалпы сомасы 643,2 млн. теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды, оның ішінде қалпына келтіруге жататын – 409,0 млн. теңге (аудит объектілері 351,6 млн. теңге сомаға қалпына келтірді), өтеуге жататын – 234,2 млн. теңге, бюджетке түсуге жататын-56,8 млн. теңге, активтерді тиімсіз пайдалану – 25 286,6 млн. теңге млн. теңге, ықтимал шығындар мен жоғалған пайда сомасы – 16 493,0 млн. теңге, рәсімдік бұзушылықтардың 116 фактісі, аудиторлық іс – шара барысында анықталған жүйелік кемшіліктер саны-21 бірлік.
Аудит барысында мемлекеттік активтерді басқару процестеріндегі тиімді пайдалану мен ашықтықтың жоқтығында, сондай-ақ мемлекеттік активтерді жоғалту тәуекелдерінің жоғары болуында, активтерді басқару процесінің сыбайлас жемқорлық осалдығында көрсетілген жүйелік кемшіліктер анықталды.
Мемлекеттік активтерді басқару процестері тиімсіздігімен, есепке алу мен бақылаудың болмауымен, заңнаманың бұзылуымен, жергілікті атқарушы органның шешімдеріне сәйкес келмеуімен, елеулі жоғалған пайдамен және экономикалық шығындармен сипатталады.
Анықталған заңнаманың бұзылуы және мемлекеттік активтерді тиімсіз басқару жиынтығында экономикалық шығын және жоғалған пайда сияқты ауыр зардаптарға алып келді, сондай-ақ мемлекеттік бақылаудан мемлекеттік активтерді жоғалту тенденциялары мен тәуекелдерін, оларды одан әрі жоғалтумен ұтымсыз пайдалануды қалыптастырды.
Барлық проблемалық мәселелер бойынша бар кемшіліктерді жоюға ықпал ететін және активтерді тиімді пайдалануға, сондай-ақ қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге бағытталған ұсынымдар әзірленді.
Төмендегі сілтемені басу арқылы Аудиторлық қорытындымен таныса аласыз.
https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-revcomkz/documents/details/783857?lang=kk