Алматы қаласы бойынша Тексеру комиссиясының Төрағасы мен Манғыстау облысы Тексеру комиссиясы Төрағасының кездесуі өтті

Алматы қаласы бойынша Тексеру комиссиясының Төрағасы мен Манғыстау облысы Тексеру комиссиясы Төрағасының кездесуі өтті

Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүйесі саласында тәжірибе алмасу шеңберінде, Алматы қаласы бойынша Тексеру комиссиясының Төрағасы Алтай Рахимұлы Бердіқұловтың Манғыстау облысы Тексеру комиссиясы Төрағасы Нұржан Доғдырқұлұлы Иманбердиевпен кездесуі өтті.

Кездесу барысында тексеру комиссияларының ағымдағы қызметі туралы мәселелер талқыланды.

Кездесу нәтижесінде тараптар мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүйесін жетілдіру бойынша одан әрі тығыз өзара іс-қимыл мен ынтымақтастықты жалғастыруға келісті.