Алматы қаласы бойынша тексеру комиссиясының отырысында, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудит бойынша тексеру іс-шарасының қорытындысы шығарылды.
Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша жалпы сомасы 43 585,8 мың теңгеге бұзушылықтар анықталды, оның ішінде: 25 518,3 мың теңгеге қаржылық бұзушылықтары, активтерді тиімсіз пайдалануы – 18 067,5 мың теңге, процессуалдық бұзушылықтары – 98 бірлік.
Аудиторлық қызмет нәтижелері бойынша аудит объектісіне нұсқау берілді:
1) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзған лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін қарастыру;
2) balabaqsha.bilimalmaty.kz веб-сайтының, балалардың тууы туралы акт жазбасын іздеу қызметімен интеграциялануын қарастыру;
3) QR-кодтар негізінде мектеп жасына дейінгі балалардың баруын есепке алу және бақылау жүйесін енгізуді қамтамасыз ету;
4) «Жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 қарашадағы №596 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы, сондай-ақ «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта білім берудің, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын есепке алғандағы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 қарашадағы №597 бұйрығына, мектепке дейінгі ұйымдардың ағымдағы ұстауға және оқу шығыстарының нормаларын ұлғайту бөлігіне, сондай-ақ педагог қызметкерлердің еңбек демалысы кезеңіне ауыстыру нормасын ұлғайту бөлігіне өзгертулер мен толықтыруларды енгізуге бастамашылық ету;
5) ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың Даму жоспарларының уақтылы бекітілуіне бақылауды арттыру.