Тексеру комиссиясы «Алматы жылу жүйесі» ЖШС-де «Бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін пайдаланудың тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудитті» қорытындыларын шығарды
Қаланың жылумен жабдықтау жүйесі стратегиялық маңызға ие және тұрғындардың жайлылығы мен қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді. Серіктестік 88 жылу көзі арқылы өндірілетін жылу энергиясын тасымалдау мен бөлуді қамтамасыз етеді. Кәсіпорынның теңгерімінде ұзындығы 1 409,8 шақырым жылу желілері, 69 сорғы станциясы, 358 орталық жылу пункті және басқа да технологиялық жабдықтар бар.
Сонымен қатар аудит бірқатар жүйелі сұрақтарды анықтады. Солардың негізгісі инфрақұрылымның жоғары деңгейде тозуы. Жылу желілерінің 54%-дан астамы 25 жылдан бері пайдаланылып келеді, соның салдарынан жыл сайын шамамен 2 мыңға жуық зақымдану тіркеледі. Аудит желілерді апаттық жөндеуден жоспарлы жаңғыртуға көшіру және құбырлардың жай-күйін диагностикалаудың заманауи әдістерін енгізу қажеттігін атап өтті.
Сонымен қатар аудит Серіктестіктің қаржы-шаруашылық қызметінде кемшіліктерді, сондай-ақ төлемдерді есептеу, активтерді пайдалану, бухгалтерлік есеп жүргізу және мемлекеттік сатып алу салаларында заңнама талаптарының сақталмау фактілерін анықтады.
Сонымен қатар мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша 8,8 млрд. теңге сомасында бұзушылықтар анықталды, оның ішінде 5,3 млрд. теңге көлемінде қаржылық бұзушылықтар, 3,5 млрд. теңге көлемінде мемлекеттік активтерін тиімсіз пайдалану, 137,1 млн. теңге экономикалық шығындар, 42 рәсімдік бұзушылық және 5 жүйелік кемшіліктер анықталды.
Тексеру комиссия отырысының қорытындысы бойынша аудит объектілеріне анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді, оларға себеп болған жағдайлар мен шарттарды жою, сондай-ақ қолданыстағы заңнаманы бұзуға жол берген лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін қарау жөнінде тапсырмалар мен ұсынымдар берілді.
Аудиторлық қорытындымен танысу үшін төмендегі сілтеме бойынша өту қажет.
https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-revcomkz/documents/details/1035751?lang=kk