2026 жылғы 28 мамырда Алматы қаласы бойынша Тексеру комиссиясында «e-Өтініш» ақпараттық жүйесінде жұмыс істеу мәселелері бойынша техникалық оқыту өткізілді.

2026 жылғы 28 мамырда Алматы қаласы бойынша Тексеру комиссиясында «e-Өтініш» ақпараттық жүйесінде жұмыс істеу мәселелері бойынша техникалық оқыту өткізілді.

Баяндамашы ретінде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті департаментінің Алматы қаласы бойынша прокуроры Асқар Дин-Мухаммед Жандосұлы сөз сөйледі.

Техникалық оқыту барысында «e-Өтініш» ақпараттық жүйесінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеу және қарау тәртібі, процестік мерзімдерді сақтау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің нормаларын қолдану мәселелері қаралды.

Уәжді әрі негізделген жауаптарды дайындауға қойылатын талаптарға, өтініштерді қарау кезінде заңдылықты қамтамасыз етуге және өтініштерді қарау тәртібін бұзғаны үшін лауазымды тұлғалардың жауапкершілігіне ерекше назар аударылды.

Іс-шара аясында қатысушыларға Қазақстан Республикасы заңнамасын тәжірибеде қолдану бойынша түсіндірмелер беріліп, «e-Өтініш» жүйесінде жұмыс істеу барысында туындайтын проблемалық мәселелер талқыланды, сондай-ақ атқарушылық тәртіптің бұзылуына жол бермеу шаралары қарастырылды.

Оқыту қорытындысы бойынша қызметкерлер өтініштерді қарау тәртібі, процестік мерзімдерді сақтау және қолданыстағы заңнама нормаларын қолдану тәжірибесіне қатысты өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.