Іске асырылып жатқан 36 абаттандыру жобасының 31,3 млрд теңге құнындағы 8 жобасы проблемалық болып табылады, оның ішінде 4 жоба бойынша ЖСҚ өзектілігін жоғалтқан, 3 жоба бойынша құрылыс жұмыстары сот талқылауларына байланысты тоқтатылған және 1 жоба бойынша мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы болғанына қарамастан іске асыру басталмаған.
Алматы қаласының абаттандыру жобаларын іске асыру кезінде мердігер ұйымдар 7,3 млн теңге сомасына жұмыстарды орындамаған және 173,5 млн теңге сомасына сапасыз орындаған. Құрылыстың нормативтік мерзімдері сақталмайды.
Сонымен қатар, мемлекеттік аудит қорытындылары бойынша жалпы сомасы 180,8 млн теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды, оның ішінде бюджет кірісіне өтелуге жататыны – 7,3 млн теңге, жұмыстармен қалпына келтірілуге жататыны – 173,5 млн теңге. Бұдан басқа, 683,6 млн теңге сомасына қаражаттың тиімсіз пайдаланылуы және 28 рәсімдік бұзушылық фактілері анықталды.
Тексеру комиссиясы отырысының қорытындылары бойынша аудит объектілеріне анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді, оларға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою, сондай-ақ қолданыстағы заңнаманы бұзуға жол берген лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін қарау жөнінде тапсырмалар мен ұсынымдар берілді.
Объектілер құрылысының сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауды жүзеге асыратын органға тиісті шаралар қабылдау үшін құрылыс саласындағы заңнама бұзушылықтары фактілері бойынша мемлекеттік аудит материалдары жолданды.
Аудиторлық қорытындымен танысу үшін төмендегі сілтеме бойынша өту қажет.
https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-revcomkz/documents/details/1005477?lang=kk