Орта білім беру ұйымдарында (оның ішінде мектептерде) еңбекақы төлеуге және тамақтандыруға бөлінген бюджет қаражатының тиімді жұмсалуына жүргізілген аудиттің қорытындысы

Орта білім беру ұйымдарында (оның ішінде мектептерде) еңбекақы төлеуге және тамақтандыруға бөлінген бюджет қаражатының тиімді жұмсалуына жүргізілген аудиттің қорытындысы

Алматы қаласы бойынша Тексеру комиссиясының отырысында «Алматы қаласы Білім басқармасы» КММ-де және 31 орта білім беру ұйымында (оның ішінде мектептерде) жүргізілген «Жалақы төлеуге бағытталған бюджеттік қаражатты пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудиті, ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ оқушы орындарының тапшылығын және орта білім беру объектілерін жан басына шаққандағы қаржыландыруды талдау» атты аудиторлық іс-шараның қорытындылары шығарылды.

         Аудит нәтижелері бойынша барлығы 31 106 007,2 мың теңге сомасына бұзушылықтар анықталды, оның ішінде:

қаржылық бұзушылықтар – 70 601,7 мың теңге;

бюджет қаражатын пайдалану кезіндегі тиімсіз жоспарлау 21 588 468,3 мың теңге;

бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану 9 446 937,2 мың теңге;

процедуралық бұзушылықтар 179 бірлік;

жүйелік кемшілік 2 бірлік.

         Мемлекеттік аудит барысында жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесінің сақталмауы, шығыстарды жоспарлауда бірыңғай тәсілдің болмауы, сондай-ақ есептік нормативтік шектер бола тұра қаражатты қайта бөлу фактілері анықталды.

         Аталған бұзушылықтар ағымдағы шығыстардың өсуіне, күрделі шығындардың қайталануына, еңбекақы қоры бойынша қосымша қаржыландыруға жасанды қажеттіліктің қалыптасуына әкелген.

         Аудиторлық іс-шара қорытындысы бойынша аудит объектілеріне анықталған кемшіліктер мен бұзушылықтарды жою жөнінде тиісті шаралар қабылдау тапсырылды.

 

         Аудиторлық қорытындымен танысу үшін төмендегі сілтеме арқылы өту қажет.

https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-revcomkz/documents/details/940924?lang=kk