Алматы қаласы бойынша Тексеру комиссиясының отырысында «Алматы қаласы Білім басқармасы» КММ-де және техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы 4 ұйымда (оның ішінде колледждерде) жүргізілген «Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту мен оның сапасын арттыруға бөлінген қаражатты пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудиті» атты аудиторлық іс-шараның қорытындылары шығарылды.
Аудиторлық іс-шараның нәтижелері бойынша жалпы сомасы 13 926 202,9 мың теңгеге бұзушылықтар анықталды, оның ішінде:
бюджетке өтелуге жататын қаржылық бұзушылықтар - 184 914,5 мың теңге;
бюджет қаражатын пайдалану кезінде тиімсіз жоспарлау 13 646 358,4 мың теңге;
активтер мен бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану 94 930,0 мың теңге.
Сонымен қатар, аудит бірқатар рәсімдік бұзушылықтар мен жүйелік кемшіліктерді анықтады:
122 650,1 мың теңге сомаға экономикалық шығындар мен жоғалған пайда;
рәсімдік бұзушылықтар 24 бірлік;
проблемалық мәселелер және жүйелік кемшіліктер 3 бірлік.
Аудиторлық іс-шара барысында техникалық және кәсіптік білім беру саласында бюджеттік қаражатты жоспарлау және пайдалану, сондай-ақ мемлекеттік білім беру тапсырысы шарттарын орындау кезінде жіберілген бұзушылықтар мен кемшіліктер анықталды.
Аудиторлық іс-шара қорытындысы бойынша аудит объектілеріне анықталған кемшіліктер мен бұзушылықтарды жою жөнінде тиісті шаралар қабылдау тапсырылды.
Аудиторлық қорытындымен танысу үшін төмендегі сілтеме арқылы өту қажет.
https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-revcomkz/documents/details/940922?lang=kk