Алматы қаласы бойынша Тексеру комиссиясының отырысында Технопарк» ЖШС -де жүргізілген «Алматы қаласы бойынша инновациялық технологиялардың дамуына мемлекеттік аудиті» аудиторлық іс-шараларының қорытындылары қарастырылды:
Тексеру барысында жалпы сомасы 497 016,8 мың теңге бұзушылықтар анықталды, оның ішінде:
- қаржылық бұзушылықтар - 56 186,9 мың.теңге;
- бюджет активтерін тиімсіз пайдалану - 440 829,9 мың. теңге;
-рәсімдік бұзушылықтар - 59 бірліктер;
- ықтимал экономикалық шығындар - 97 198,7 мың. теңге.
Мемлекеттің қомақты инвестициясына қарамастан, инвестицияны толтыру және қайтарым деңгейі, арнайы экономикалық аймақтың мақсаттарына сәйкес келмейді және де қала мен ел экономикасына қосқан үлесін төмендетеді.
Арнайы экономикалық аймақтың кейбір қатысушыларымен жасалған келісім-шарттың міндеттемелері орындалмайды, яғни инвестициялау, жұмыс орындарын құру және жобаларды іске қосу бойынша белгіленген көрсеткіштерге қол жеткізілмейді.
Басқару формальды түрде жүзеге асырылады, Серіктестіктің жұмысы бақыланбайды.
Жүргізілген аудиторлық іс-шараның қорытындысы бойынша тиісті нұсқамалар берілді.
Төмендегі сілтемені басу арқылы Аудиторлық қорытындымен таныса аласыз
https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-revcomkz/documents/details/908863?lang=kk