Пресс-релиз

Пресс-релиз

Алматы қаласы бойынша Тексеру комиссиясының отырысында, «Алматы қаласы әкімдігінің күрделі құрылыс кәсіпорны» ЖШС -де жүргізілген «Бюджет қаражаты мен активтерін тиімді пайдаланудың мемлекеттік аудиті» аудиторлық іс-шараның қорытындылары қарастырылды.

Аудит нәтижелері бойынша жалпы сомасы  6 031,5 млн. теңгеге бұзушылықтар анықталды, оның ішінде:

- қаржылық бұзушылықтар 3 367,6 млн. теңге сомасына, оның ішінде ПКС ЖШС есеп шотына қалпына келтіру - 2 925,2 млн. теңге, тауармен қалпына келтіру - 44,9 млн. теңге, бухгалтерлік есеп бойынша қалпына келтіру – 397,5 млн. теңге.

- активтер мен бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану -  2 663,9 млн. теңге.

Ықтимал шығындар және жоғалған пайда - 915,5 млн. теңге.

Рәсімдік бұзушылықтар - 183 бірліктер, оның ішінде бухгалтерлік есеп бойынша рәсімдік бұзушылықтар – 44 бірлік  жалпы сомасы 2 072,5 млн. теңге,  олардың ішінде қалпына келтіруге жататындар – 14 бірлік  1 381,1 млн. теңге сомасына.

 Алматы қаласындағы тұрғын үй қорын жаңғыртудың 2021-2025 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша 3- бағытын орындау төмен көрсеткіштермен сипатталады: (үйлерді бұзу бойынша жоспарланған 708 үйдің орындау көрсеткіштері -79 үй немесе 11,2%,  құрылыс салу бойынша жоспарланған 678 үйдің, құрылыс салу фактісі -23 үй немесе 3%, 2 және 3 бағыт құрылыс бөлігінде іске асырылмаған).

ПКС ЖШС  2022-2023жж. үшін қаржы-экономикалық негіздемелерінде жоспарланған тікелей және түпкілікті нәтижелер көрсеткіштеріне қол  жеткізілмеген.

Жүргізілген қызметтің негізгі түрлерін тексеру барысында келесі бұзушылықтар мен кемшіліктер анықталды:

Жылжымайтын мүлікті сату (пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар, паркингтер) өткізу: нарықтық құнын айқындамай, жабық режимде, жылжымайтын мүлікті өткізу тәртібін регламенттейтін ережелер болмаған кезде, тек «Алматы ӘКК» АҚ және «Алматы қаласының құрылыс басқармасы» КММ шешімдерінің негізінде жүзеге асырылды, бұл жалпы сомаға залалға әкелді 1 922 654,8 мың теңге.

Жалға берілетін мүлікті жалдау (қосалқы жалдау) және пайдалану:

- Уақытша иелену құқығын беру ережесі «Алматы ӘКК» АҚ-н бекітілмеген;

- «ПКС» ЖШС тұрғын емес үй-жайлар ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің келісімінсіз жалға берілді;

- коммерциялық үй-жайлар: әрлеусіз, қанағаттанарлықсыз жағдайда.

 

 

ПКС ЖШС Инвесторлармен біріге жобаларын іске асыру:

- Ескірген тұрғын үйді жаңарту бойынша инвесторларды іріктеу ережесі «Алматы ӘКК» АҚ-н бекітілмеген;

- инвесторды іріктеу рәсімі ашық емес;

- ПКС ЖШС жауапты лауазымды тұлғалары жобаларды іске асыру мониторингін тиісті дәрежеде жүзеге асырмайды, ПКС ЖШС тарапынан бірлескен қызмет туралы шарттарда көзделген шарттық міндеттемелерді орындамағаны үшін инвесторларға қатысты тұрақсыздық айыбы қолданылмайды;

- бірлескен қызмет туралы жекелеген шарттарда,  шарттық міндеттемелерді орындамаған немесе уақтылы орындамаған жағдайларда жауаптылық және тұрақсыздық айыбын қолдану бөлігінде тармақтар жоқ;

- бірлескен қызмет туралы шарттарда ПКС ЖШС үлесін анықтау тетігі жоқ. Қайтару үлесі бойынша шешім қабылдау кезінде жекелеген жағдайларда пайдаланылған қоныс аудару қоры ескерілмеген.

Инвесторларға берілген жер учаскелеріне уақытша өтеулі пайдалану құқығы, ПКС ЖШС және «Алматы ӘКК»АҚ сауда-саттықты (аукционды) қолданбай заңсыз алынды.

Жалпы, ПКС ЖШС-нің инвесторлармен бірлесіп, бірлескен қызметі туралы 12 шартты іске асыру тиімді жүзеге асырылмаған, сондықтан 7 жыл ішінде жасалған 12 шарттың тек 1 шарты толық көлемде іске асырылды, іске асыру мерзімі тұрақты негізде ұзартылады, құрылыс қарқыны төмен.

Жұмыс істейтін жастар мен халықтың әлеуметтік осал топтары (тапсырыс беруші - Алматы қаласының құрылыс басқармасы) және Қоныс аудару қоры үшін пәтер сатып алу заң бұзушылықпен жасалған.

Бухгалтерлік есеп аудиті бірқатар бұзушылықтарды көрсетті, яғни қаржылық есептіліктің бұрмалануына әкеп соқтырған  қорлар, ақша қаражаттары бойынша бұзушылықтар, бағалы қағаздар мен қалдықтарды кері сатып алу бойынша дұрыс есепке алмау, шығындарды дұрыс есептен шығармау және т. б.

Серіктестік мемлекеттік сатып алуды да заңнаманы бұза отырып жүзеге асырған.

Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша Тексеру комиссиясымен тиісті тапсырмалар, нұсқамалар берілді.

 

Төмендегі сілтемені басу арқылы Аудиторлық қорытындымен таныса аласыз.

https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-revcomkz/documents/details/853304?lang=kk