Наурызбай ауданының әдеп жөніндегі уәкілі Алматы қаласының Әдеп жөніндегі уәкілі Мамай Қаниұлы Ахетов, «Адам және құқық» республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті Ульбара Акматовна Жирембаева және құқық қорғау органдарының өкілдерімен бірлесіп, аудан әкімдігі аппараты қызметкерлерімен жиын өткізді.
Кездесу барысында мемлекеттік қызметтің кәсіби әдеп нормаларын сақтау, Әдеп кодексінің негізгі ережелері, қызметкердің этикалық жауапкершілігі және қызмет беделіне нұқсан келтіретін әрекеттердің алдыналу сынды тақырыптар кеңінен түсіндірілді.
Спикерлер мемлекеттік қызметшінің мінез-құлқы – тек жеке адамның емес, бүкіл мемлекеттің беделіне әсер ететінін атап өтті. Қызметтік тәртіпті бұзу — жауапкершілікке әкелетінін де ескертіп өтті.
Жиын соңында мемлекеттік қызметке жаңадан қабылданған жас мамандар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз міндеттерін адал атқаруға ант беріп, қызмет жолындағы алғашқы қадамдарын жасады.
Мемлекеттік қызмет — үлкен жауапкершілік. Әдептілік пен әділеттілік – осы жолдың басты қағидаты болып қала береді.