"Сақ қорғандары" – өткеннің аманаты мен болашақтың үміті!

"Сақ қорғандары" – өткеннің аманаты мен болашақтың үміті!
 
Наурызбай ауданында табиғатқа деген құрмет пен ұрпаққа аманат етер асыл дәстүр қайта жаңғырды.
Қазақстан Халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойына орай "Сақ қорғандары" аумағында өткен экологиялық акцияда этно-мәдени орталықтардың өкілдері 50 түп ағаш отырғызды.

2022 жылдан бастап аудан тұрғындары "Сақ қорғандары" маңында ағаш отырғызып келеді. Сол еңбек пен жанашырлықтың нәтижесінде бүгін бұл аумақ көлеңкелі, жайлы орындарға айналды.

Жасыл желекке оранған "Сақ қорғандары" – өткеннің аманаты мен болашақтың үміті.