Тазалық – бұл біздің ортақ міндетіміз!

Тазалық – бұл біздің ортақ міндетіміз!

Машан көшесінде ауқымды сенбілік өтті.

Шараның басты мақсаты – көшелер мен қоғамдық аумақтардың санитарлық жағдайын жақсарту. Жолдарды, жаяу жүргіншілер аймақтарын жуу, жасыл алаңдарды және автокөлік жолын тазалау жұмыстарына ерекше назар аударылып, үлкен күш жұмсалды.

Сенбілікке жалпы 70 адам қатысты, олардың арасында жергілікті тұрғындар да белсенді түрде атсалысты. Бұл шара аудан тұрғындарының тазалыққа деген жауапкершілігін арттырады. Сонымен қатар, 15 арнайы техника жұмысқа тартылып, жұмыстың тиімділігі мен сапасын арттырды.

Нәтижесінде 120 м³ тұрмыстық қалдықтар мен жапырақтар шығарылды. Бұл шара қаланың тазалығын қамтамасыз етіп қана қоймай, оның көркін де айтарлықтай жақсартты. Сонымен қатар, мұндай іс-шаралар әрқайсымыздың қоршаған ортаға деген жауапкершілігімізді арттырып, таза әрі жайлы ортада өмір сүрудің маңыздылығын еске салады.

Тазалық – бұл біздің ортақ міндетіміз!