Әр аптада өтетін «Кәсіпкерлік сағат» форматындағы кездесуде бұл жолы студенттерге арналған жатақхана құрылысы мәселесі қаралды.
⠀
Жиынға Алматы қаласының Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы (ГАСК) мен Құрылыс басқармасының мамандары қатысып, нысанның салыну тәртібі, құжаттандыру және инфрақұрылыммен қамту бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
⠀
Кәсіпкерлер өз сұрақтарын қойып, ұсыныстарын білдірді.
⠀
Аудан әкімдігі бизнестің әлеуметтік бастамаларын қолдауға әрқашан дайын.
