Наурызбай ауданы алматылықтар мен қала қонақтарын Наурыз мерекесін бірге тойлауға шақырады!

Наурызбай ауданы алматылықтар мен қала қонақтарын Наурыз мерекесін бірге тойлауға шақырады!

Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесіне шақырамыз!

Күні: 2025 жылғы 21 наурыз
Уақыты: 11:00 – 15:00
Өтетін орны: Шұғыла 347

Наурызбай ауданы алматылықтар мен қала қонақтарын Наурыз мерекесін бірге тойлауға шақырады! Бұл – көктем мен жаңарудың, бірлік пен ынтымақтың мерекесі. Биылғы Наурыз айрықша форматта өтеді – ұлттық салт-дәстүр мен заманауи өнер тоғысқан үлкен этнофестиваль болмақ.

Мереке Қыдыр Ата театралды қойылымымен басталады, домбырашылар ансамблі “Көңілашар күйін” орындап, мерекелік көңіл-күй сыйлайды. Іс-шараның жүргізушілері – белгілі шоумендер Бауыржан Бакиров пен Ертай Әлқожа.

Қонақтарды ерекше музыкалық бағдарлама күтеді! Кештің басты қонақтары:
✔ Секен Тұрысбек және «Ақ жауын» оркестрі
✔ Нұрлан Албан – ҚР еңбек сіңірген қайраткері, әнші, актер
✔ Мирас пен Құралай – қазақ эстрадасының танымал жұбы
✔ Құдайберген Бекіш – ҚР еңбек сіңірген әртісі
✔ Абай Бегей, Еркебұлан Құмаров, және басқа да өнер жұлдыздары

Ал ерекше қойылымымен Қазақстанның Гиннес рекордтар кітабына енген Ғалымжан Әуесбай сахна төріне шығады.

Этноауыл және интерактивті алаңдар 

Мереке алаңында қазақы нақышта безендірілген 20 киіз үй тігіледі. Қонақтар дәстүрлі ұлттық тағамдардан дәм татып, қолөнер шеберлерінің көрмесін тамашалап, ұлттық ойындарға қатыса алады.

 Ұлттық ойындар мен сайыстар 

Наурызбай ауданында Наурыз мейрамы аясында спорттық жарыстар мен ұлттық дәстүрлер байқаулары өтеді. Жеңімпаздар тоңазытқыш, теледидар, музыкалық орталықтар және басқа да бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Наурыз – бұл тек жаңа жылдың бастауы ғана емес, ұлт пен ұрпақты ұйыстыратын, дәстүрімізді дәріптейтін мереке.

Наурызбай ауданында өтетін Ұлыстың ұлы күнін бірге қарсы алайық!