Ауған соғысы – Кеңес дәуірінің ең ауыр кезеңдерінің бірі.
Он жылға созылған бұл қанды қырғында Отан алдындағы борышын өтеген мыңдаған азамат қаза тапты. Олардың қатарында қазақ сарбаздар да бар еді. Елге аман оралғандардың жүрегінде бұл соғыс мәңгілік жара болып қалды.
Қазақстаннан Ауғанстанға 22 мың адам аттанып, олардың 924-і қаза тапты, 21-і хабарсыз кетті. Бүгінде елімізде 10 мыңға жуық ауған соғысы ардагері бар, оның ішінде 3 мыңға жуығы мүмкіндігі шектеулі жан. Наурызбай ауданында 140 ардагер тіркелген.
1989 жылдың 15 ақпаны – Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылған күні.
Биыл бұл оқиғаның аяқталғанына 36 жыл толып отыр.
Бұл атаулы күн – тарихта қалған қасіретті жылдарды еске алып, ерлікпен қаза тапқан жауынгерлерді ұлықтайтын кү болмақ!