Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған іс-шара өтті

Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған іс-шара өтті

Наурызбай ауданында Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған іс-шара өтті.

Шығармашылық ұжымдар мен ауданның дарынды балалары тұрғындарды мерекелік концертпен қуантты.

Іс-шарада Қазақ, ұйғыр, араб, әзірбайжан, украин, орыс, үндіс, татар, өзбек, қытай, корей және түрік халықтарының тағамдары мен дәстүрлері көрмесі ұйымдастырылды.

Қазіргі таңда Наурызбай ауданының 30 мың тұрғынын өзге ұлт өкілдері құрайды.

Сондай-ақ, дәстүрлі қолөнершілер жүннен, былғарыдан, киізден, ағаштан және күмістен жасалған қолөнер бұйымдары көрмесі өтті.

Ауданның жас спортшылары шахмат, дзюдо, таэквондо және каратэден күш сынасты.

Іс-шара барысында аудан әкімі Назира Тоғызбаева су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге көмек көрсеткен белсенді тұрғындарды алғыс хаттармен марапаттады.