Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің басталуы туралы Хабарландыру

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің басталуы туралы Хабарландыру

«Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің аппараты» КММ-де сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің басталуы туралы Хабарландыру

Алматы қаласы Наурызбай  ауданы әкімінің аппараты «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының          8-бабына сәйкес 2024 жылдың 2 мамыр мен 31 мамыр аралығында  дейін Наурызбай ауданы әкімі аппаратының қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді жоспарлап отыр (талдау объектісінің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілердегі және ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау).

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен әкімшілік кедергілер туралы мәліметтер, сондай-ақ талдану жасалатын саланы жетілдіру бойынша ұсыныстар болған жағдайда, 2024 жылдың  26 сәуіріне дейін ақпаратты электрондық поштаға жіберуді сұраймыз gos_prav.otd@mail.ru,, құпиялылық және анонимділікке кепілдік беріледі. Келіп түскен ақпарат сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсынымдар әзірлеу үшін пайдаланылатын болады.

 Мәселелер туындаған жағдайда  телефондары 8-700-308-70-20, 8-778-265-16-86 бойынша хабарласу қажет.