Азаматтарды жеке қабылдап, көпбалалы аналармен кездесті

Азаматтарды жеке қабылдап, көпбалалы аналармен кездесті

16 сәуір күні аудан әкімі Назира Тоғызбаеваның азаматтарды жеке қабылдауы өтті. Сонымен қатар көпбалалы аналармен кездесті.

Кездесуге басқарма және аудан қызметтерінің өкілдері қатысты.

Тұрғындар көкейде жүрген сұрақтарына жауап алды.

Әлеуметтік көмек, аула аймақтарын абаттандыру, ауызсу, жол құрылысы мәселелері көтерілді.
Кездесу 2 сағатқа созылды.

Аудан әкімі әр сейсенбі азаматтарды жеке қабылдайды.

Қабылдауға жазылу үшін 393 92 44 нөміріне хабарласыңыз.

Көпбалалы аналармен кездесу әр айда өткізіледі.

Мамыр айында өтетін кездесудің уақыты мен орыны туралы ақпарат ауданның ресми парақшаларында жарияланады.