Аудан кәсіпкерлері өз аумақтарында тазалау жұмыстарын жүргізуде

Аудан кәсіпкерлері өз аумақтарында тазалау жұмыстарын жүргізуде

Наурызбай ауданының кәсіпкерлері өздеріне тиесілі аумақтарды тазалап, ғимараттардың қасбеттерін жаңарту, сондай-ақ рұқсат етілмеген жарнамалар демонтажы бойынша жұмыстар жүргізуде.

Кампания басталған күннен бастап 5 нысан қасбеттерін жаңартып, 20 нысан қоршауын сырлап, жөндеді.

Сонымен қатар, 2 нысан аумағындағы қырлы тас төсеуіштер ауыстырылды.
Демалыс күндері 40-тан аса нысанның санитарлық тазалау жұмыстарын жүргізді.

Алдағы уақытта Swissotel Wellness Resort Alatau, Альянс, Top cleaning service, базарлар, автобус парктері және басқа да кәсіпорындар кампания аясында жұмыстарды жалғастырады.