«Қалқаман» ш\а бос жатқан аймақта бой көтерген гүлзар құрылысы

«Қалқаман» ш\а бос жатқан аймақта бой көтерген гүлзар құрылысы

Бүгін аудан басшысы «Қалқаман» шағынауданында тұрғындардың қалауы бойынша бос жатқан аймақта бой көтерген гүлзар құрылысын тексеріп қайтты.

Жергілікті тұрғындармен бірлесе отырып салынған бұл қоғамдық кеңістік тамаша бастама болды.

Гүлзардың жалпы аумағы 0,8 га құрайды. Мұнда үш балалар алаңы, үш спорт алаңы (футбол, баскетбол және үстел теннисіне арналған), серуендеп, демалатын аймақтар қамтылған. Мұның бәрі тұрғындардың қажеттіліктері мен қалауларын ескере отырып жасалған.

Жаңа қоғамдық кеңістік ауданның барлық тұрғындары үшін қолайлы, көрікті демалыс орнына айналады деп сенеміз.